Данияда коалиция үкіметі құрылды

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен оң және сол партиялар құрған «Орта жол коалициясы» үкіметінің мүшелерін жариялады.

1919544
Данияда  коалиция үкіметі құрылды

Данияда 44 жылдан кейін алғаш рет оң және сол көзқарастағы партиялар бірлескен коалициялық үкімет құрылды.

Елдегі жалпы сайлаудан кейін Дания премьер-министрі Метте Фредериксен оң және сол партиялар құрған «Орта жол коалициясы» үкіметінің мүшелерін жариялады.

Фредериксен 42 күндік келіссөздерден кейін жариялаған коалициялық үкімет солшыл Социал-демократиялық партиясы, орталық-оңшыл Либералдық партия және орталықшыл Байсалдылар партиясынан құралды.

Жаңа үкіметте Либералдық партия төрағасы Якоб Эллеман-Йенсен Қорғаныс министрі болды, бұрынғы премьер-министр Ларс Локке Расмуссен Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

«Орта жол коалициялық» үкіметінде 23 министрдің 8-і әйелдер. Министрлердің 11-і Фредериксен басқаратын Социал-демократиялық партиядан, 7-і орталық-оңшыл Либералдық партиядан және 5-і центристік Байсалдылар партиясынан.

Коалициядағы үш партия 179 орынды Парламентте 89 орынға ие болды.

Данияда соңғы рет Социал-демократиялық партия мен Либералдық партия 1978 жылы  коалиция құрған болатын.



Ұқсас жаңалықтар