Сомалиде 8 миллион адам жеткіліксіз тамақтануда

БҰҰ есеп жариялады.

1918712
Сомалиде 8 миллион адам жеткіліксіз тамақтануда

Сомалиде жалғасып жатқан азық-түлік дағдарысына байланысты 8 миллион адам жеткіліксіз тамақтануда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы  жариялаған баяндамада 2020 жылдан бері Сомалиде жауын-шашынның жеткіліксіздігі салдарынан құрғақшылыққа байланысты азық-түлік дағдарысы орын алғаны айтылды.

Елде шамамен 8 миллион адамның дұрыс тамақтанбағаны білдірілген баяндамада құрғақшылықтың жалғаса беретіні және жағдайдың одан сайын нашарлайтыны атап өтілді.

Құрғақшылыққа байланысты азық-түлік проблемасы көптеген аймақтарға, әсіресе елдің оңтүстік-батыс бөлігі мен ел астанасы Могадишоға әсер етеді деген болжам бар.

Әдетте малмен өмір сүретін Сомали халқының көпшілігі құрғақшылық пен қақтығыстар салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.



Ұқсас жаңалықтар