Маймыл шешегінің аты "Mpox" деп өзгертілді

ДДСҰ маймыл шешегі вирусын "Mpox" деп атауға шешім қабылдағанын жариялады.

1912072
Маймыл шешегінің аты "Mpox" деп өзгертілді

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) нәсілшіл және бөлшектеуші сөздерден аулақ болу үшін әлемде, әсіресе Еуропада әсерлі болған маймыл шешегі (Monkeypox) вирусын "Mpox" (Мпокс) деп атауға шешім қабылдағанын жариялады.

Ұйымның жазбаша мәлімдемесінде вирустың атын өзгерту үшін халықаралық денсаулық сақтау мамандарымен пікір алмасу кезеңінен кейін мүше мемлекеттерге маймыл шешегінің атын "Mpox" деп атауға кеңес берілетіні хабарланды.

Мәлімдемеде:

«Жылдың басында маймыл індеті өз әсерін көрсете бастаған кезде интернетте нәсілшілдік және бөлшектеушілік айыптаулар қолданылғаны туралы жаңалықтар ДДСҰ-на жеткізілді» деп көрсетілді.

Атауды өзгерту үшін басталған бір жылдық өтпелі кезең ішінде "Mpox" «таңдаулы атау» ретінде ұсынылатыны және одан кейін үздіксіз пайдаланылатыны хабарланды.

Эндемиялық вирус тудыратын сирек кездесетін аурулардың бірі ретінде белгілі маймыл шешегі адам ағзасында алғаш рет 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасында байқалған.

1958 жылы маймылдарда анықталғаннан кейін вирус «маймыл шешгі» деп аталды.



Ұқсас жаңалықтар