Иранда медиа қызметкері ұсталды
«Iran International» телеарнасы "жауапкерлерінің біреуі" Батыс Әзербайжан облысының Хой қаласында ұсталғаны білдірілді.
Иран Лондонда орналасқан оппозициялық «Iran International» телеарнасында жұмыстағы бір адамның ұсталғанын хабарлады.
Иранның жартылай ресми "Tesnim" ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Төңкеріс Қорғаушылары барлау агенттігі «Iran International» телеарнасы "жауапкерлерінің біреуін" Батыс Әзербайжан облысының Хой қаласында ұстағаны білдірілді.
Хабарда аты-жөні жарияланбаған адамның елдегі шерулер кезінде әлеуметтік желіде шақыру тастап, «Халықты қауіпсіздікке қарсы әрекеттерге, вандализмге итермелейтін және қала қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін көптеген әрекеттерді жасағаны» жарияланды.
Иранда Илхам Эфкари есімді әйелдің 10 қарашада, ал аты-жөні жарияланбаған тағы бір адамның 23 қарашада бұрын Лондонда орналасқан бір медиа ұйымында жұмыс істеген деген себеппен тұтқындалғаны жарияланған болатын
19 қазанда Тегеран әкімшілігі Лондонда орналасқан оппозициялық медиа ұйымы «Iran International» телеарнасын «зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ереуілшілерді айтақтады» деден пайымдаумен «террористік ұйым» деп жариялаған.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.