Ұлыбритания Украинаға әскери тікұшақтар береді

Украинаның Ресейден қорғанысына көмектесу үшін қосымша 1000 дана зеңбірек оғының да берілетіні білдірілді.

1910194
Ұлыбритания Украинаға әскери тікұшақтар береді

Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес Норвегияға ресми сапары кезінде  елінің Украинаға әскери көмек ретінде тікұшақтар беретінін мәлімдеді.

Уоллес сонымен бірге Украинаның Ресейден қорғанысына көмектесу үшін қосымша 1000 дана зеңбірек оғының да берілетінін білдірді.

"Біздің Украинаға қолдауымыз мызғымас. Бұл қосымша зеңбірек оқтары Украинаға соңғы апталарда Ресейден қайтарып алған территориясын қорғауына көмектеседі" 

деді Уоллес.

Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде зеңбірек оғының Украинаның қорғаныс қабілетін арттыратыны және маңызды іздеу-құтқару мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін "Sea King" типті тікұшақтар Украинаға жеткізілетіні атап көрсетілді.

Ұлыбританияның Украинаға жаңа қорғаныс қолдауы Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак өткен демалыс күндері астана Киевке сапары кезінде Украинаға қорғаныс ретінде 50 миллион стерлинг көлемінде көмек көрсетілетінін жариялағаннан кейін жасалды.

Ұлыбритания ақпарат құралдарында жарияланған хабарда Украинаға 3 "Sea King" тікұшағы берілетіні, оның біреуі қазірдің өзінде Украинаға жеткізілгені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар