"Слава Украине" деп жауап берді

Еуропарламентке ресейлік хакерлер шабуыл жасады.

1910303
"Слава Украине" деп жауап берді

Еуропарламент (ЕП) төрағасы Роберта Мецола ЕП Ресейді «терроризмді қолдайтын ел» деп жариялағаннан кейін оған хакерлік шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Роберта Мецола Twitter-дегі парақшасында мәлімдеме жасады.

"ЕП күрделі кибершабуылға ұшырады. (Ресей президентінің сарайы) Кремльшіл топ жауапкершілікті өз мойнына алды" деді.

IT мамандарының шабуылмен күресіп жатқанын айтқан Мецола «Бұл біз Ресейді «терроризмді қолдайтын ел» деп жариялағаннан кейін болды» деп мәлімдеді.

Мецола “Менің жауабым: Слава Украине” деп жазды.  

Францияның Страсбург қаласында өткен ЕП Бас ассамблеясында Ресейді «адамгершілікке жатпайтын және қатыгез әрекеттер» жасауда деген айыптаумен «терроризмді қолдайтын ел» деп тану туралы қарар жобасы 58-ге қарсы 494 дауыспен мақұлданған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар