Индонезиядағы зілзалада қаза тапқандар саны 271-ге жетті

Ява уәлаятындағы жер сілкінісінде 22 мың 198 үй құлап, 58 мыңнан астам адам қоныс аударғаны білдірілді.

1910249
Индонезиядағы зілзалада қаза тапқандар саны 271-ге жетті

Индонезияның Батыс Ява уәлаятында 21 қарашада болған 5.6 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 271 кісіге жетті.

Индонезия Ұлттық табиғи апаттарды басқару агенттігінің төрағасы Сухарянто баспасөзге жасаған мәлімдемесінде зілзаладан зардап шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.

Сухарянто апатта қаза тапқандар санының 271 кісіге жеткенін хабарлады.

Индонезия Ұлттық табиғи апаттарды басқару агенттігінің мәлімдемесінде жер сілкінісінде 22 мың 198 үй құлап, 58 мыңнан астам адам қоныс аударғаны білдірілді.

Жер сілкінісінен зардап шеккен отбасылар мен үйлері зардап шеккен тұрғындарға мемлекет тарапынан көмек көрсетілетіні хабарланды.

Америка Геологиялық барлау орталығы Индонезияның Батыс Ява уәлаятындағы Циранджанг қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде болған 5.6 балдық жер сілкінісінің 10 шақырым тереңдікте тіркелгенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар