Ресейді «терроризмге қолдау беріп отырған мемлекет» деп жариялады

Еуропарламент осындай мәлімдеме жариялады.

1910181
Ресейді «терроризмге қолдау беріп отырған мемлекет» деп жариялады

Еуропарламент Ресейдің соғыс қылмыстарын жасап, терроризмді құрал ретінде пайдаланғанын айтып, Ресейді «терроризмге қолдау беріп отырған мемлекет» деп жариялады.

Еуропарламент мәлімдемесінде "Парламент Ресейдің Украинаға қарсы аяусыз соғысындағы соңғы оқиғалар аясында қаулы қабылдады. Депутаттар Ресей күштері мен олардың сенімді өкілдерінің Украинадағы бейбіт тұрғындарға қарсы қасақана шабуылдары мен зұлымдықтарына, азаматтық инфрақұрылымды қиратуына, халықаралық және гуманитарлық құқықты өрескел бұзуының  терроризм актілері мен әскери қылмыстар екенін  атап көрсетеді. Осыған байланысты Ресей «терроризмге демеуші» және «терроризмді құрал ретінде пайдаланатын» мемлекет ретінде танылды” деп айтылды.

Жобада ЕО-ның террор тізіміне қатысты құқықтық базаны жаңартуы, соның ішінде Ресейді де осы тізімге қосу  сұралды. Сонымен қатар Вагнер тобы мен Ресей қаржыландыратын қарулы топтарды лаңкестер тізіміне енгізу талап етілді.

Заң жобасында Еуропарламент депутаттары 24 ақпанда соғыс бастаған Ресейдің Украинада мыңдаған бейбіт тұрғын мен жүздеген баланың өліміне жауапты екенін айтып, Ресейдің осы уақытқа дейін 40 мыңнан астам «әскери қылмысының» дәлелденгені айтылды.

Сондай-ақ заң шығарушылар ЕО-ның Ресейге қарсы тоғызыншы санкция пакетін аяқтауды талап етті.



Ұқсас жаңалықтар