Тунисте 5 босқын суға батты

Хусамеддин әл-Жибабли қаза тапқандар санының 5-ке жеткенін және жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді.

1906977
Тунисте 5 босқын суға батты

Тунис әкімшілігі 16 тұрақсыз босқын мінген қайық солтүстік жағалауда суға батып кеткеннен кейін қаза тапқандар саны 5-ке жеткенін хабарлады.

Тунис Ішкі істер министрлігі Жандармерия күштерінің баспасөз хатшысы Хусамеддин әл-Жибабли мәлімдемесінде 7 қарашада Бинзерт қаласының маңында суға батқан 16 тұрақсыз босқын отырған қайықтағылардан екі кісінің мәйіті Әуе күштерінің сүңгуірлері тарапынан табылғанын айтты. 

Қаза тапқандар санының 5-ке жеткенін айтқан Хусамеддин әл-Жибабли хабарсыз жоғалған адамды іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді.

Хусамеддин әл-Жибабли 8 қарашада әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Тунистің солтүстігінде тұрақсыз босқындар отырған қайықтың аударылуынан кейін 10 адамның құтқарылғанын, 1 адамның қайтыс болғанын және 5 адамның жоғалып кеткенін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар