Байден Қытай және Украинадағы дағдарысты бағалады

Байден «Путин Украинадан шықпайынша, қақтығыстар тоқтамайды» деді.

1905089
Байден Қытай және Украинадағы дағдарысты бағалады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путин Украинадан кетпейінше қақтығыстар тоқтайды деп ойламайтынын атап көрсетті.

Джо Байден Солтүстік Африка мен Азия сапарларына аттанбай тұрғанда Ақ үйде мәлімдеме жасап, журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінің нәтижелі болып болмайтыны туралы сұраққа Байден «Мен келіссөздерім әрқашан нәтижелі болады деп ойлаймын» деген жауап қайтарды.

24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысында шешімнің қандай болатыны жайлы бір сұраққа қайтарған жауабында Байден «Путин Украинадан шықпайынша, қақтығыстар тоқтамайды» деді.

АҚШ сондай-ақ Украинаға «Avenger» әуе қорғанысы жүйесін жеткізеді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх президент Байденнің тапсырмасы бойынша АҚШ армиясының Украинаға 400 миллион долларлық әскери көмек беретінін білдірді.

Көмек пакетінде төрт «Avenger» әуе қорғаныс жүйесі бар екенін атап көрсеткен Сингх АҚШ-тың Украинаға армия инвентарынан 25-ші рет көмек жіберілетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар