Путин "Үлкен-20" саммитіне қатыспайды

15 қарашада Балиде өтетін екі күндік саммитке АҚШ президенті Джо Байден, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және басқа да әлемдік көшбасшылар қатысады.

1904776
Путин "Үлкен-20" саммитіне қатыспайды

Ресей президенті Владимир Путиннің келесі аптада Индонезияның Бали аралында өтетін "Үлкен-20" саммитіне қатыспайтыны хабарланды.

"Үлкен-20" саммитінің ресми тұлғаларының бірі Лухут Бинсар Панджайтан Индонезияның Денпасар қаласында журналистерге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың саммитте ресейлік делегацияға төрағалық жасайтынын айтты.

15 қарашада Балиде басталатын екі күндік саммитке АҚШ президенті Джо Байден, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және басқа да әлемдік көшбасшылар қатысады.

Байден мен Путиннің Ресейдің Украинаға қарсы 24 ақпанда бастаған соғысынан кейін "Үлкен-20" саммитіне орай алғаш рет бас қосатыны межеленген болатын,  алайда Ресей президентінің кездесуге қатыспайтыны туралы мәлімдемесімен АҚШ  лидері Байден мен оның одақтастарының Путинмен арасындағы дағадарыс мүмкіндігі де өздігінен жойылды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар