Венесуэлада әскери ұшақ апаты

Венесуэланың Амазонас штатында әскери бір ұшақ апатқа ұшырап, бес сарбаз қаза тапты.

1903621
Венесуэлада әскери ұшақ апаты

Қорғаныс министрі Владимир Падрино Лопес мәлімдемесінде елдің оңтүстігіндегі Пуэрто-Аякучо қаласында құлаған «С-2088» ұшағында Боливар Ұлттық қарулы күштерінің 5 офицердің қаза тапқанын айтты.

Президент Николас Мадуро болса Твиттердегі парақшасындағы хабарламасында қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көңіл айтып, «Боливаршыл әскери авиациямыздың 5 ержүрек офицерінен айырылғанымызға өкініштімін. Отбасыларының қайғысына ортақпын, көңіл айтамын» деді.

Апатқа байланысты дан-жақты тергеу жұмыстарының басталғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар