Ұлыбританияның Израильдегі елшілігі көшпейді

Ұлыбритания елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру жоспары жоқ екені білдірілді.

1902237
Ұлыбританияның Израильдегі елшілігі көшпейді

Ұлыбританияның Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру жоспары жоқ екені айтылды.

Премьер-министр кеңсесі № 10 мәлімдемешісі тақырыпқа қатысты мәлімдемесінде Ұлыбритания елшілігін Иерусалимге көшіру мәселесінің талқыланып жатқанын, бірақ елшіліктің көшпейтінін айтты.

Палестинаның Ұлыбританиядағы өкілдігінің басшысы Хусам Зомлот та Ұлыбритания елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру жоспары жоқ деген мәлімдемені құптағандарын білдірді.

Зомлот Ұлыбритания елшілігінің орналасқан жері туралы мәселенің күн тәртіпке келмеуі керектігін білдіріп:

«Таяу Шығыста бейбітшілікке қолайлы орта жарату және 105 жыл бұрын Бальфур декларациясы тудырған тарихи әділетсіздікті жою үшін көп жұмыс істеу керек екенін» атап айтты.

Израиль премьер-министрі Яир Лапид 22 қыркүйекте Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Лиз Трасс елінің Изриальдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшуіне болымды қарайтынын айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар