Шойгу: «НАТО Еуропаның орталық пен шығысында әскери күшін арттырды»

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеме жасады.

1901246
Шойгу: «НАТО Еуропаның орталық пен шығысында әскери күшін арттырды»

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ақпан айынан бері НАТО-ның Еуропаның орталық және шығысындағы әскери күштерінің саны 2,5 есеге артып, 30 мыңнан асты деп мәлімдеді.

Сергей Шойгу Беларусь әскери лауазымдыларымен өткізген жиналыста Ресейдің батыс шекарасындағы жағдайға қатысты баға берді.

Ұжымдық батыстың «олардың жойқын әрекеттерінің негізгі мақсаты – Ресей мен Ресейдің экономикалық, әскери әлеуетіне, тәуелсіз сыртқы саясатына кедергі жасау» екенін атап көрсеткен Шойгу «Еуропаның орталық пен шығысында Балтық елдерінде аймақтық емес НАТО-ға мүшесі мемлекеттердің қарулы күштерінің құрамалары орналастырылуда. Болгария, Венгрия, Румыния және Словакияда жаңа көпұлтты батальондық тактикалық топтар құрылуда. 2022 жылдың ақпан айынан бастап әскери топтардың саны 2,5 есеге өсіп, 30 мыңнан астам адамға жетті, ал қысқа мерзімде бұл сан одан да артуы мүмкін» деді.

НАТО әскерлерінің аймақта артуы салдарынан Беларусьтен бастап Ресейдің одақтастарына қауіп төніп тұрғанына назар аударған Шойгу Ресейдің басты міндетінің Беларусьпен құрған Одақ мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін баса айтты.

Орыс министр Батыс елдерінің Киевке заманауи қару-жарақ пен оқ-дәрілер, барлау мәліметтері, әскери кеңесшілер және жалдамалы сарбаздар жіберу арқылы Украинадағы қақтығыстың өршуін ынталандырып жатқанын тілге тиек етті.

Орыс армиясы 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар