Үндістанда көпір құлап, көптеген адам қаза тапты

Үндістанда көпірдің құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 141-ге жетті.

1899660
Үндістанда көпір құлап, көптеген адам қаза тапты

Үндістанның Гуджарат штатында көпірдің опырылуы салдарынан өзенге құлап, қаза тапқандар саны 141-ге жетті.

Гуджарат штатының батысындағы Морби қаласында кемінде 500 адамы бар аспалы көпір опырылып құлады.

Оқиғада көпірдегі жүздеген адам Макчу өзеніне құлап кетсе, арасында балалар да бар 141 адам қаза тапты.

«NDTV» телеарнасының хабарлауынша, қазір өзенге құлағандардың 177-сі құтқарылған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына теңіз және әуе күштерінің командалары қатысты.

Үкімет өкілдері опырылған көпірдің 125 адам көтере алатынын және көпірдің үстінде бір уақытта көп адам болғандықтан опырылғанын алға тартты.

Отаршылдық кезеңінен қалған 230 метрлік көпірдің 6 айлық жөндеуден кейін өткен аптада көлік қозғалысына ашылғаны айтылды

Оппозициялық партиялар үкіметті оқиға орын алған көпірде қажетті техникалық бақылауды қамтамасыз етпеді және көпірдің жүк көтергіштігіне лайықты баға бермеді деген уәжбен сынға алды.

Гуджарат полициясының басшысы Ашиш Бхатиа іздеу-құтқару жұмыстарының басталып, көптеген адамдардың құтқарылғанын, бірақ қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін хабарлады.

Премьер-министр Нарендра Моди Twitter-дегі мәлімдемесінде оқиғаға қатты қайғыратынын айтты.

Моди «Іздеу-құтқару топтары зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Гуджараттағы қайғылы оқиға мені алаңдатады. Менің көңілім мен дұғам зардап шеккен адамдармен бірге» деген сөздер қолданды.

Моди сондай-ақ апатта қаза тапқандардың туыстарына шамамен 2 мың 430 доллар, жараланғандарға шамамен 600 доллар берілетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар