Швейцарияда әлемдегі ең ұзын пойыз сапарға шықты

Ұзындығы 1.9 километрлік және 100 вагондық пойыз Альпі тауының етегінде салынған Альбула-Бернина бағытында рекордтық сынақ жасау үшін жолаушылар тасымалдағаны хабарланды.

1899597
Швейцарияда әлемдегі ең ұзын пойыз сапарға шықты

Әлемдегі ең ұзын жолаушылар пойызының сапары Швейцарияда жүзеге асырылды.

Ретиялық теміржол компаниясы жасаған ұзындығы 1.9 километрлік және 100 вагондық пойыз Альпі тауының етегінде салынған Альбула-Бернина бағытында рекордтық сынақ жасау үшін жолаушылар тасымалдағанын хабарлады.

Компания бұл пойыздың әлемдегі ең ұзын жолаушылар пойызы екенін хабарлады.

Компания бұл пойыздың әлемдегі ең ұзын жолаушылар пойызы екенін жариялады.

Ретиан компаниясы директоры Ренато Фасчиати Швейцарияның теміржолдағы инженерлік табысын және елдегі алғашқы теміржол құрылысының 175 жылдығын атап өту үшін бұл рекорд  жаңартылғанын айтты.

Көптеген туристерді қызықтыратын Альпі тауларын тесіп салынған Альбула-Бернина бағыты 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғылым және Мәдениет Ұйымы (ЮНЕСКО) Дүниежүзілік мұра тізіміне енді.

Туристік теміржол 22 туннель мен 48 көпірден тұрады.



Ұқсас жаңалықтар