Оңтүстік Корея Украинаға қару бермегенін хабарлады

Юн Сук Ёл Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қару-жарақ жеткізгендері жөніндегі пайымдауына жауап берді.

1899129
Оңтүстік Корея Украинаға қару бермегенін хабарлады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл елінің Украинаға қару-жарақ немесе әскери оқ-дәрілер жеткізгені қауесеттерін теріске шығарды.

Yonhap ақпарат агенттігі президент Юн Сук Ёлдің Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қару-жарақ немесе әскери оқ-дәрілер жеткізгендері жөніндегі пайымдауына жауап бергенін хабарлады. 

Ел астанасы Сеулде баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Юн Сук Ёл Украинаға қару немесе құрал-жабдық бермегендерін білдіріп:

"Біз халықаралық қауымдастықпен ынтымақтаса отырып, Украинаға қару-жарақ және осы тектес материалдар емес тек қана гуманитарлық көмек көрсеттік" деді. 

Президент Юн сондай-ақ: «Бірақ кез келген жағдайда, бұл біздің егемендік мәселеміз және біз барлық елдермен, соның ішінде Ресеймен де бейбіт және жақсы қарым-қатынастарды сақтауға тырысып жатқанымызды білулеріңізді қалаймын» деген бағасландыру жасады.

Путин Оңтүстік Корея туралы: «Олардың Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрі беру туралы шешімін білеміз, алайда мұндай әрекеттер қарым-қатынасымызға зиянын тигізеді» деген сөздерімен ескерту жасаған болатын.

Украина әкімшілігі Оңтүстік Кореядан Ресейге қарсы қолданылатын әскери техниканы сұраған, бірақ Сеул әкімшілігі одан бас тартып, гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар