Шойгу қытайлық және үндістандық әріптестерімен сөйлесті

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Шойгу Вей және Сингхпен телефон арқылы жеке-жеке сөйлескені білдірілді.

1898045
Шойгу қытайлық және үндістандық әріптестерімен сөйлесті

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қытай Қорғаныс министрі Вей Фынги және Үндістан Қорғаныс министрі Раджнат Сингхпен Украинадағы жағдайды талқылады.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Шойгу Вей және Сингхпен телефон арқылы жеке-жеке сөйлескені білдірілді.

Украинадағы жағдай талқыланған телефондағы әңгімелерде Шойгу «Украинаның лас бомбаны (құрамында радиоактивті материалы бар бомба) пайдалану арқылы арандатушылық әрекеттер жасау мүмкіндігіне алаңдайтынын» білдірді.

Сергей Шойгу 23 қазанда Түркиядағы, сондай-ақ АҚШ, Франция және Ұлыбританиядағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлескен кезде «лас бомба» мәселесін қолға алған болатын.

АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сыртқы істер министрлері келіссөздерден кейін ортақ мәлімдеме жасап, Ресейдің пайымдауларын теріске шығарып, шиеленісті арттыру үшін қолданылатын сылтауларды қабылдамайтындарын білдірді.

Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасады.



Ұқсас жаңалықтар