НАТО Ресейдің мәлімдемесін жоққа шығарды

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеме жасады.

1897265
НАТО Ресейдің мәлімдемесін жоққа шығарды

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің «Украинаның радиоактивті құрамы бар "лас бомбаны" өз аумағында қолдануы мүмкін» деген мәлімдемені жоққа шығарғанын хабарлады.

Йенс Столтенберг әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин және Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллеспен Ресейдің Украинаның «лас бомба» қолдануға дайындалғаны жөніндегі мәлімдемесін талқылағандарын білдірді.

«НАТО одақтастары бұл қауесетті жоққа шығарады» деген Столтенберг «Ресей бұл қауесетті шиеленісті арттыру үшін сылтау етпеуі керек» деді.

Бас хатшы сондай-ақ Украинаға «мықты» қолдауын жалғастыратындарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар