Шойгу Уоллес және Остинмен сөйлесті

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Франция және АҚШ қорғаныс министрлерімен телефонда сөйлесті.

1896517
Шойгу Уоллес және Остинмен сөйлесті

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Франция қорғаныс министрі Себастьян Лекорну, Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес және АҚШ  қорғаныс министрі Ллойд Остинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Шойгу, Лекорну және Уоллестің Украинадағы жағдайды талқылағаны және «аймақтағы шиеленістің бақылаусыз ұлғаюы мүмкін екеніне» назар аударылды.

Мәлімдемеде Шойгу әріптестеріне Украинаның «лас бомбаны» (құрамында радиоактивті материалы бар бомба) қолдану арқылы арандатушылық әрекеттер жасау мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылық білдірді» деген сөздерге орын берілді.

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде кездесудің Ресей Қорғаныс министрлігінің өтініші бойынша өткені хабарланды.

Ресей қорғаныс министрі Шойгу АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остинмен де телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде екі министрдің Украинадағы жағдайды бағамдағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар