Оңтүстік Африкада су тапшылығы басталды

Оңтүстік Африка Республикасы президентінің Әкімшілік істер министрі Мондли Гунгубеле мәлімдеме жасады.

1895896
Оңтүстік Африкада су тапшылығы басталды

Оңтүстік Африка Республикасының бас қаласы Претория және ең үлкен қаласы Йоханнесбургте қорлардың азаюымен байланысты су тапшылығы басталды.

Президенттің Әкімшілік істер министрі Мондли Гунгубеле аптап ыстық ауа райы мен сұраныстың артуына байланысты Гаутенг уәлаятындағы бөгеттерде су резервтерінің таусылып жатқанын мәлімдеді.

Министр Гунгубеле осы себепті соңғы апталарда әсіресе Йоханнесбург пен Претория қалаларынан бастап, уәлаяттың әртүрлі аймақтарында шектеулі су берілгенін, «міндетті» деп атаған бұл шектеулердің сумен қамтамасыз етуді мақсат еткені және жағдай жақсармайынша бұл реттеудің сақталатынын атап көрсетті.

Су және санитария министрі Сенцо Мчуну өз мәлімдемесінде суды пайдалану және басқару үшін тұрақты шешімдер қарастырғандарын және шектеулердің 9 айға созылуы мүмкін екенін ескертті.

Екінші жағынан сарапшылар Йоханнесбургтің шамамен 1200 шақырымды қамтитын су тарату инфрақұрылымы өте ескіргенін білдірді.

Бұл жағдай су дағдарысы деп бағалануда.



Ұқсас жаңалықтар