Ресейді "террористік мемлекет" деп атады

Эстония парламенті шешім қабылдады.

1894561
Ресейді "террористік мемлекет" деп атады

Эстония парламенті (Риигикогу) Ресейді «террористік мемлекет» деп атады.

Парламенттің мәлімдемесінде «Эстония парламенті Украина парламентінің және халықаралық ұйымдардың үндеуін қолдай отырып, Ресей режимін, әрекеттеріне бірлескен тойтарыс берілуі тиіс лаңкестік режимді және Ресей Федерациясын терроризмнің мемлекеттік демеушісі деп жариялайды» деп айтылды.

Мәлімдемесінде Эстония парламенті халықаралық қауымдастықты да осындай шешімдер қабылдауға шақырды.

Осылайша Литва мен Латвиядан кейін Эстония Ресейді террористік мемлекет деп жариялаған үшінші Балтық елі болды.

101 депутаттың 88-і шешімді қолдаса, 10 депутат дауыс беруге қатыспады, ал 3 депутат болса қалыс қалды.



Ұқсас жаңалықтар