Путин 4 аймақта әскери жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Мәскеу әкімшілігі Украинаға ашылған 8 аймаққа кіру-шығуды шектеді.

1895026
Путин 4 аймақта әскери жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның аннексияланған Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье аймақтарында әскери жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Владимир Путин аннексияланған аймақтардағы қауіпсіздік тәуекелдеріне барынша жауап қайтару және онда аймақтық қорғаныс штабтарын құру туралы заңнаманы бекітті.

Путин «Естеріңізге сала кетейін, Донецк Халық Республикасында, Луганск Xалық Pеспубликасында, Херсон және Запорожье аймақтарында Ресейдің құрамына енгенге дейін де әскери жағдай режимі болған. Енді бұл режимді өз ішімізде ресімдеу керек...» деді.

Мәскеу әкімшілігі Украинаға ашылған 8 аймаққа кіру-шығуды шектеді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің төрт аймағындағы әскери жағдайға байланысты елдің барлық шекарасын жабудың жоспарланмағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар