Херсондағы бейбіт тұрғындар эвакуациялануда

Херсондағы бейбіт тұрғындар Днепр өзенінің сол жағына қарай көшіріле бастады.

1894907
Херсондағы бейбіт тұрғындар эвакуациялануда

Ресей аннексиялаған Украинаның Херсон қаласындағы бейбіт тұрғындардың «шабуыл қаупіне» қарсы эвакуациялана бастағаны хабарланды.

Орыс ақпарат құралдарында орын алған хабарға қарағанда Ресей армиясының бақылауындағы Херсон қаласында тұратын бейбіт тұрғындарды «шабуыл қаупі бар» деген себеппен Днепр өзенінің сол жағына қарай көшіру басталды.

Херсон аймағының Олески және Гола Пристань қалаларына жеткізілген бейбіт тұрғындардың Ресейдің Ростов, Краснодар, Ставрополь өлкесі және аннексияланған Қырымға көшірілетіні хабарланды.

Алдымен Херсон аймағының губернаторы Владимир Салдо 50-60 мың адамның эвакуацияланатынын және бұл процесс біртіндеп бір аптаға созылатынын айтты.

Аймақта Украина армиясының шабуылдарына қарсы қорғаныс шаралары жүргізіле бастағаны атап көрсетілді.

Владимир Салдо мәлімдемесінде Украина армиясының аймаққа «үлкен» шабуыл жасайтынын, сондықтан Херсон қаласындағы Бериславский, Белозорский, Снигиревский және Александровский аудандарында тұратын бейбіт тұрғындардың Днепр өзенінің сол жағалауына көшірілетінін атап «Бұл шешім шабуылдарды тойтару үшін ауқымды қорғаныс бекіністерін құрумен байланысты» деді.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье аймақтарының Ресейге қосылуы туралы құжаттарға 30 қыркүйек күні, ал заңдарға болса 5 қазан күні қол қойған болатын.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар