Ирак Түрікмен майданы төрағасынан жаңа үкімет құрылымына ескерту

Тұран: "Түркімендерге жаңа кабинетте орын берілмеуі бізді алаңдатады".

1894727
Ирак Түрікмен майданы төрағасынан жаңа үкімет құрылымына ескерту

Ирак Түрікмен майданы (ITC) төрағасы Хасан Тұран жаңа құрылатын үкіметте түркімендердің өкілі болмауына алаңдағандарын білдірді.

Бағдадта бір топ журналистке сұхбат берген Хасан Тұран елдегі үкімет құру үдерісі мен түрікмендердің жағдайын бағалады.

«Түркімендерге жаңа кабинетте орын берілмеуі бізді алаңдатады. Жағдай әзірше бізді алаңдатып отыр» деген Тұран жаңа үкіметте кем дегенде бір атқарушы министрлікке ие болуы үшін талпынғандарын білдірді.

Түрікмендердің Ирактың үшінші негізгі халқы екеніне назар аударған Тұран вице-президент міндетін де осы құрамдас бөлікке беру керектігіне назар аударды.

Ирак Түрікмен майданы төрағасы Киркуктегі жағдайға да тоқталып, түркімендердің қатысуынсыз қаланы басқаруға қатысты ешбір талпыныстың сәтті болмайтынын баса айтты.

Ирак парламенті осы аптада Мұхаммед Шиа эс-Судани басшылығында құрылатын жаңа үкіметті дауысқа салады.



Ұқсас жаңалықтар