Үндістандағы ұшақ апатында 6 кісі мерт болды

Кедарнатх аймағынан шыққан тікұшақтың үндістандық қажыларды тасымалдағаны және Гаруд Чатти маңында құлағаны білдірілді.

1894332
Үндістандағы ұшақ апатында 6 кісі мерт болды

Үндістанның Уттаракханд уәлаятында үнді қажылар мінген тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан 2 ұшқышпен бірге 6 адам қаза тапты.

"Private Aryan Flight Company" компаниясына тиесілі тікұшақ Уттаракханд уәлаятында апатқа ұшырады.

Үнді-Тибет шекара полициясы жасаған мәлімдемеде Кедарнатх аймағынан шыққан тікұшақтың үндістандық қажыларды тасымалдағаны және Гаруд Чатти маңында құлағаны білдірілді.

Үнді-Тибет шекара полициясы 2 ұшқышпен бірге 6 адам қаза тапқан апатқа байланысты құтқару жұмыстары мен анықтау жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Уттаракханд премьер-министрі Пушкар Сингх Дами апаттан кейінгі мәлімдемесінде:

«Төтенше жағдайларда әрекет ету жөніндегі мемлекеттік күштер мен облыс әкімдігіне қарасты топтар көмек көрсету және құтқару жұмыстары үшін оқиға орнына барды» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар