Ирак Парламенті 13 қазанда жаңа президент сайлайды

Жаңа президент үкіметті құру міндетін шииттердің премьер-министр үміткері Мұхаммед Шиа әл-Суданиге береді.

1891455
Ирак Парламенті 13 қазанда жаңа президент сайлайды

Ирак Парламенті 13 қазанда жаңа президентті сайлау үшін жиналады.

Ирак Парламентінің төрағасы Мохаммед Халбуси мәлімдемесінде:

"Бейсенбі күні парламент отырысында президент сайлауы өтеді" деді.

Ирак саясатының күн тәртібінде президенттік сайлаудан кейін жаңа үкімет құру үдерісі бар.

Жаңа президент үкіметті құру міндетін шииттердің премьер-министр үміткері Мұхаммед Шиа әл-Суданиге береді. Премьер-министр үміткерінің бір айдан кешіктірмей өз кабинетін жасақтап, Парламентке жіберуі керек. Парламентке ұсынылған кабинет мүшелерін депутаттар бір-бірден дауысқа салады.

Садр Қозғалысы Иракта 2021 жылдың қазан айында өткен жалпы сайлауда бірінші болды. Алайда ираншыл партиялармен үкімет құруды қаламаған  Садр Қозғалысының жетекшісі Муктада ес-Садр өткен айларда саясаттан кететінін жариялап, оның тобындағы орынбасарлары да отставкаға кеткен болатын.

Осы оқиғадан кейін Садрдың Иранды қолдайтын шиит бәсекелестері бұрынғы Еңбек министрі Суданиді премьер-министрлікке ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар