Франция Еуропа елдеріне әскери жасақтар жібереді

Франция Еуропаның шығыс қапталындағы елдерге әскери бөлімшелері бар танктер мен броньды машиналарын жібереді.

1891644
Франция Еуропа елдеріне әскери жасақтар жібереді

НАТО-дағы әскери қатысуын күшейту үшін Франция Еуропаның шығыс қапталындағы елдерге әскери бөлімшелері бар танктер мен броньды машиналарын жібереді.

Франция Қорғаныс министрі Себастьян Лекорну Сенаттың Сыртқы істер комитетінде сөйлеген сөзінде президент Эммануэль Макрон НАТО-ның шығыс флангындағы жағдай мен Украинадағы қақтығыстың ауырлығын ескере отырып, Румынияға бронетранспортерлер мен Леклер типті танктерді орналастыру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Лекорну елінің Литваға Рафале соғыс ұшақтарын және Эстонияға жаяу әскер бөлімдерін орналастыратынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар