Зеленский Ресейді айыптады

Украина президенті Владимир Зеленский «Терроризм – жазаланатын бір қылмыс» деді.

1890602
Зеленский Ресейді айыптады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді Украинада бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік әрекеттер ұйымдастырды деп айыптады.

Зеленский «Терроризм – жазаланатын бір қылмыс» деді.

Владимир Зеленский өзінің «Telegram» аккаунтында бөліскен бейне үндеуінде Ресей күштерінің Украинаның оңтүстік-шығысындағы Запорожье қаласына жақында жасалған шабуылдарға наразылық білдірді.

Зеленский 3 қазаннан бері Ресей күштерінің Запорожьеге жасаған зымырандық шабуылдары салдарынан 43 адамның қаза тапқанын айтты.

Зеленский «Сондай-ақ Украинаның Харьков, Донбасс және басқа да қалаларына шабуылдар болды. Шабуылдар Иранда жасалған ұшқышсыз әуе апараттарымен жасалды» деген сөздер қолданды.

Ресей күштерінің Украинадағы бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымдарды нысанаға алғанын айтқан Зеленский «Бейбіт халыққа қарсы жасалған тоқтаусыз лаңкестік Ресейдің нақты келіссөздерге қатысудан үзілді-кесілді бас тартуы болып табылады» деп көрсетті.

Украина лидері «Терроризм--жазаланатын бір қылмыс. Мемлекеттік деңгейдегі терроризм бір адамға ғана емес, бүкіл халықаралық қоғамдастыққа қауіп төндіретін әлемдегі ең жан түршігерлік халықаралық қылмыстардың бірі» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар