Нигерияда қайықтың аударылуы кесірінен 76 адам қаза тапты

Нигерияның Анамбра штатында аударылған қайықтағы адам шығыны 76-ға жетті.

1890427
Нигерияда қайықтың аударылуы кесірінен 76 адам қаза тапты

Жұма күні елдің оңтүстік-шығысындағы Анамбра штатында аударылған қайықтағы адам шығыны артты.

Президент Мухаммад Бухари қайық апатында қаза тапқандар санының 76-ға жеткенін мәлімдеді.

Оқиға куәгерлері тасқын салдарынан негізгі жолдың көлік қатынасы жабылғанын, аймақ тұрғындарының қайықпен жүруге мәжбүр болғанын айтты.

Төңкерілген қайықтың 100-ден астам адамды тасымалдай алатыны және қозғалтқыштың істен шығуына байланысты суға шыққаннан кейін көп ұзамай аударылғаны айтылған.

Билік әзірге табиғи апаттан 15 адамның адамның құтқарылғанын хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар