Беларусь пен Ресей бірлескен әскери жасақ құрады

Беларусь президенті Александр Лукашенко елінің Мәскеумен ортақ әскери жасақ құру процесін бастағанын жариялады.

1890793
Беларусь пен Ресей бірлескен әскери жасақ құрады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресеймен бірлескен аймақтық әскери жасақ құру туралы келісімге келгендерін мәлімдеді.

Александр Лукашенко Ресейдің Украинаның көптеген қалаларын бомбалаған 10 қазанда жоғарғы әскери қолбасшылықты жинады.

Ресейдің шабуылдарын қолдайтынын атап көрсеткен Лукашенко елінің Мәскеумен ортақ әскери жасақ құру процесін бастағанын жариялады.

Лукашенко жаңа әскери жасаққа қандай міндет жүктелетінін түсіндірмеді.

 «Біз бұл процесті бірнеше күн бұрын бастадық» деді және Украинаны тағы бір рет Беларуське шабуыл жасауды жоспарлап отыр деп айыптады.

Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Павел Миравейко өз елінің 24 ақпаннан бері Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысында «белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы» белсенді рөл атқарғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар