Жапония Ресейге қарсы қосымша санкциялар қабылдады

Жапония Ресейге қарсы қосымша санкциялар қабылдады.

1889955
Жапония Ресейге қарсы қосымша санкциялар қабылдады

Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаның Херсон, Запорожье, Луганск және Донецк облыстарын аннексиялау туралы жарлыққа ресми қол қоюының жаңғырығы жалғасып жатқанда, Жапония Ресейге қарсы қосымша санкцияларға шешім қабылдады.

Жапонияда үкімет Мәскеудің аннексиялау шешіміне қатысы бар 81 адам мен тағы 9 ұйымның активтеріне тыйым салуды мақұлдады.

Бұл шешім Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі ресейшіл жікшілдерге, жоғары лауазымды шенеуніктерге және аннексияға тікелей жауапты әскери ұйымдарға қатысты екені хабарланды.

Жапония Министрлер кабинеті бас хатшысының орынбасары Сейдзи Кихара Ресейдің «бүкілхалықтық референдум» және «бірігу» деп атаған әрекеттері «Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығы мен халықаралық құқықты бұзады» деп мәлімдеді.

Бұған дейін көптеген ресейлік тұлғалар мен ұйымдардың активтерін бұғаттау туралы шешім қабылдаған және Украинаға гуманитарлық қолдау көрсеткен Жапония үкіметі Ресейден көмір импортын біртіндеп тоқтататынын мәлімдеді. Жапония да Украинадан кетуге мәжбүр болған соғыс құрбандарына есігін айқара ашқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар