Филиппин мен АҚШ  әскерлері ортақ әскери жаттығу жасауда

Филиппин мен Америка Құрама Штаттары  әскерлері 2500-ден астам сарбазбен жаттығулар өткізуде.

1887686
Филиппин мен АҚШ  әскерлері ортақ әскери жаттығу жасауда

Филиппин мен Америка Құрама Штаттары  әскерлері Оңтүстік Қытай теңізіндегі кенеттен туындаған дағдарыстар мен Тайваньдағы шиеленістерге жауап беру үшін 2500-ден астам сарбазбен жаттығулар өткізуде.

Лузон аралының айналасында өтіп жатқан оқу-жаттығуға 1900 АҚШ теңіз жаяу әскері мен Филиппин армиясының 600-ден астам теңіз жаяу әскері қатысуда.

14 қазанда аяқталатын оқу-жаттығуда АҚШ-тың «HIMARS» зымыран жүйелері мен дыбыстан жылдам соғыс ұшақтарының да атыс жасайтыны білдірілді.

АҚШ армиясының 3-ші теңіз дивизиясының қолбасшысы генерал-майор Джей Барджерон Филиппиндегі жаттығудың Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралында АҚШ пен Жапон әскерлерінің жаттығуымен бір күнде өткеніне назар аударды.

 



Ұқсас жаңалықтар