Украина: «Харьковтағы шабуылдан 24 бейбіт тұрғын қаза тапты»

Харьков облысы Әскери әкімшілігінің губернаторы Олег Синегубо мәлімдеме жасады.

1887206
Украина: «Харьковтағы шабуылдан 24 бейбіт тұрғын қаза тапты»

Украинаның Харьков облысындағы Купянск қаласы маңында қыркүйек айында бейбіт адамдар тиесілі бір керуенге жасалған шабуылда 24 адамның қаза тапқаны хабарланды.

Харьков облысы Әскери әкімшілігінің губернаторы Олег Синегубо әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Купянск маңындағы Куриловка мен Пишане ауылдары арасындағы «сұр аймақта» Ресей күштері шабуылдаған азаматтық бір керуеннің анықталғанын айтты.

Шабуылдың 25 қыркүйек күні жасалғаны анықталғанын атап көрсеткен Синегубо араларында 13 бала мен бір жүкті әйел де бар барлығы 24 адамның қаза тапқанын, шабуыл болған аймақта тергеулердің жалғасқанын атап көрсетті.

Украина барлау қызметі де шабуылға ұшыраған керуеннің фото суреттерін баспасөзбен бөлісті.

Кеше Украинаның оңтүстігіндегі Запорожье қаласының сыртындағы бақылау-өткізу пунктіне зымырандық шабуыл жасалып, кемінде 30 адам қаза тауып, 80-нен астамы жараланды. Украина мен Ресей шабуыл үшін бір-бірін айыптаған болатын. Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар