Патшайым дәрігерлердің бақылауында

Бұл туралы сарай мәлімдеді.

1877573
Патшайым дәрігерлердің бақылауында

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II дәрігерлердің бақылауына алынды.

Бұл туралы сарай мәлімдеді.

Букингем сарайының мәлімдемесінде "Бүгін таңертең егжей-тегжейлі тексеруден кейін патшайымның дәрігерлері Мәртебелінің денсаулығына алаңдап, оған медициналық бақылауда болуды ұсынды» деп айтылды.

Патшайымның денсаулық жайында отбасына мәлімет берілді.

Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс Twitter желісінде "Бүкіл ел бүгін Букингем сарайындағы жаңалықтарға қатты алаңдап отыр. Менің және Ұлыбритания халқының ойы патшайым мен оның отбасында."  деп жазды.  

96 жастағы патшайым Елизавета өткен жылдың күзінен бері таяқпен жүреді. Ол  денсаулығына байланысты парламенттің ашылуы мен таққа отыруының 70 жылдығын мерекелеу сияқты шараларға қатыса алмады.



Ұқсас жаңалықтар