Украина Бас штаб төрағасы: "9 мың сарбаз қаза тапты"

Украина Бас штаб төрағасы Валерий Залужный бір форумда үн қатты.

1871081
Украина Бас штаб төрағасы: "9 мың сарбаз қаза тапты"

Украина Бас штаб басқармасы төрағасы Валерий Залужный Ресеймен 24 ақпан күні басталған соғыста шамамен 9 мың украиндық сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

«Интерфакс Украина» Бас штаб төрағасы Залужныйдің бір форумда украиналық балалардың соғыс салдарынан қорғауға мұқтаж екенін айтқанын жариялады.

Залужний «Олар (украин балалары) не болып жатқанын дым түсінбейді және олар міндетті түрде қорғауды қажет етеді. Өйткені олардың әкелері майданға кеткен және 9 мыңға жуық батырдың арасында қаза тапқан болуы мүмкін» деді.

Украина президенті Владимир Зеленский сәуір айында берген сұхбатында соғыста 3000-ға жуық украин сарбазының қаза тапқанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар