Ұлттық қорғаныс министрлігінің Кипр мәлімдемесі

Ұлттық Қорғаныс министрлігі: "Кипрде жалғыз шешім - екі мемлекетті құрылым".

1867804
Ұлттық қорғаныс министрлігінің Кипр мәлімдемесі

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) Кипрде шешім жолының екі мемлекетті құрылым екенін байқау керектігін атап «Әрқашан Кипр түрік бауырларымыздың әділ күресіне қолдаумыз жалғасады» деп мәлімдеді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде понти террор ұйымы «Enosisist EOKA» террор ұйымының 1958 жылдан бері кипрлік түріктерге жүйелі түрде шабуылдағаны еске салынып, «Бұл шабуылдар уақыт өте келе түріктерге қарсы азаптау мен аяусыз өлтіру арқылы геноцидке айналды» деді.

Кипрде түріктерге бағыттап 1963 жылы 23 желтоқсан күні бүкіл әлемнің көзінше жасалған жауыздық пен аяусыз қырғынның «Қанды Рождество» деп есте сақталғанына назар аударылған мәлімдемеде «Террористтер мен олардың қорқақ жақтастары бала-шаға, әйел-кәрі демей қандастарымызды жою үшін ұзақ уақыт шабуылдарын жалғастырды. Батыр Түрік Қарулы күштері 1974 жылдың шілде айында бұл қуғын-сүргінді тоқтатып, аралда тыныштықты қалпына келтіру үшін міндет атқарды. 48 жыл бұрын болған "Кипр бейбітшілік" операциясында кепілгер құқығы аясында әрі түріктердің, әрі гректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Ал "Кипр бейбітшілік" операциясын «басқыншылық» деп атағандар кімдер? Олар шындықтарды елемейтін, 1958-1974 жылдар аралығында жасалған қырғындарды әлемге көрсетпеуге тырысатындар» делінді.

Мәлімдемеде «Бейбітшілік» операциясынан бері аралда бірде-бір адам шығыны болмағаны, аралға бейбітшілік және тыныштық орнағаны баса айтылған мәлімдемеде «Әрқашан Кипр түрік бауырларымыздың әділ күресіне қолдаумыз жалғасады. Біз кипрлік түрік бауырларымыздың әділдік күресіне қолдау көрсетуді жалғастырамыз!» делінді.



Ұқсас жаңалықтар