Франция құрғақшылықпен күресуде

Франция премьер-министрі Элизабет Борне елдегі құрғақшылыққа байланысты азаматтарды суды үнемдеуге шақырды.

1864239
Франция құрғақшылықпен күресуде

Франция премьер-министрі Элизабет Борне елдегі құрғақшылыққа байланысты азаматтарды суды пайдалану кезінде абай болуға шақырды.

Премьер-министрліктен жасалған мәлімдемеде Францияның бүкіл елге әсер еткен ұзақ созылған құрғақшылық кезеңін бастан өткергені, бұл елде бұрын-соңды тіркелген «ең ауыр» құрғақшылық екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде пікірлеріне орын берілген премьер-министр Борненің француздарды суды пайдалануда «өте абай болуға» шақырғаны білдірілді.

Борне денсаулыққа пайдалы ауыз суды пайдалануды қамтамасыз ету үшін шектеу шаралары енгізілгенін атап өтті.

Мәлімдемеде «ерекше құрғақшылықтың» көптеген қалаларды сусыз қалдырғаны және мұның елдегі дихандар, экологиялық жүйе және биоәртүрлілік үшін «аянышты» болғаны айтылды.

Мәлімдемеде Францияға әсер еткен құрғақшылыққа байланысты министрліктер аралық дағдарыс бөлімінің іске қосылғаны атап өтілді.

Бөлімнің құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен аймақтар туралы әкімдіктер арқылы ақпарат беретіні айтылған мәлімдемеде мұның су және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдарды бастауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар