Иранның ядролық кездесулері басталды

Екіжақты кездесулер аясында Ресей елшісі Ульянов пен Бакири бас қосты.

1863901
Иранның ядролық кездесулері басталды

Аустрияның астанасы Венада «Ортақ жан-жақты әрекет жоспары» деп аталатын Иранның ядролық келісімін қайтадан толық және ойдағыдай орындауы үшін жалғастырылған кездесулер бес айлық үзілістен кейін тараптарлар бас қосты.

Еуропалық Одақтың (ЕО) Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі атынан Бас хатшының орынбасары және ЕО Сыртқы байланыстар қызметінің саяси директоры Энрике Мораның төрағалығымен басталған келіссөздердің бірінші күнінде екіжақты кездесулер өтті. 

Мора Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары, әрі бас келіссөзші Әли Бакири және Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы тұрақты өкілі Вена кеңсесінің елшісі Михаил Ульяновпен кездесті.

Екіжақты кездесулер аясында Ресей елшісі Ульянов пен Бакири бас қосты.

Ульянов Twitter парақшасында жасаған мәлімдемесінде Бакиримен түпкілікті келісімге байланысты шешімін табуы қажет мәселелерді еңсерудің жолдары мен әдістері туралы сындарлы кездесу өткізгендерін білдірді.

ЕО Сыртқы байланыстар қызметі мәлімдеме жасамағанымен, келіссөздерге Қытай делегациясы да қатысты.



Ұқсас жаңалықтар