Ресей мен Сауд Арабиясынан мұнай келісімі

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак пен Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салман бас қосты.

1861284
Ресей мен Сауд Арабиясынан мұнай келісімі

Ресей мен Сауд Арабиясы Мұнай Экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мен ОПЕК-ке кірмейтін мұнай өндіруші елдердің ОПЕК+тобы арасындағы келісімді берік ұстанатыны жарияланды.

Ресей үкіметінің жазбаша мәлімдемесінде Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новактың ел астанасы Мәскеуде Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салманмен кездескені білдірілді.

Новак пен Салманның екі ел арасындағы сауда және экономикалық мәселелерді талқылағаны туралы мәліметтер қамтылған мәлімдемеде:

«Сонымен бірге кездесуде әлемдік мұнай нарығындағы жағдай да талқыланды. Ресей мен Сауд Арабиясы ОПЕК+ топпен келісім бойынша нарық тұрақтылығын сақтау және сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін қалпына келтіру мақсатына табанды екені баса айтылды» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар