Босқындар суға батып кетті

Жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

1858857
Босқындар суға батып кетті

Багам аралдары маңында қайықтың аударылып кетуі салдарынан 17 босқын қаза тапты.

Америка Құрама Штаттарға жету үшін қозғалған, ішінде шамамен 60 босқын болған қайық Нью-Провиденс аралынан 11 шақырым жерде суға батып кеткен.

Билік апаттан 17 босқынның, оның ішінде бір сәбидің қаза тапқанын және 25 адамның құтқарылғанын хабарлады.

Жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Багам аралдарының премьер-министрі Филип Дэвис баспасөз мәслихатында босқындардың жылдам қайықпен АҚШ-тың Майами штатына жетуге тырысқанын және теңіздің өте толқынды болғанын айтты.

Багам билігі контрабандашылықпен айналысқан деген екі күдіктінің ұсталғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар