Путин мен Салман телефон арқылы сөйлесті

Путин мен Салман елдері арасындағы қарым-қатынаста қол жеткізілген достық деңгейіне оң баға берді.

1857925
Путин мен Салман телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды талқылады.

Ресей президенттік сарайы Кремльден жасалған мәлімдемеге қарағанда Путин мен Салман елдері арасындағы қарым-қатынаста қол жеткізілген достық деңгейіне оң баға берді.

Телефондағы әңгіме барысында (Мұнай экспорттаушы елдер және Ұйымнан тыс кейбір өндіруші елдер) ОПЕК+ аясындағы үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді. Әңгімеде сонымен қатар  осы форматқа қатысушы елдердің жаһандық энергия нарығында қажетті тепе-теңдікті және тұрақтылықты сақтау бойынша өз міндеттемелерін дәйекті түрде орындайтыны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар