Орыс ұшақтарының шабуылында 3 адам қаза тапты

Хмеймим базасынан шыққан Ресей әскери ұшақтары Якубие және Жудейде ауылдарына әуе шабуылын жасады.

1858008
Орыс ұшақтарының шабуылында 3 адам қаза тапты

Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб аймағында христиандар тұратын Якубие және Жудейда ауылдарына ресейлік әскери ұшақтың әуе шабуылы нәтижесінде үш бейбіт тұрғын қаза тапты.

Оппозициялық бақылау мекемесінің мәліметі бойынша Түркия уақытымен сағат 05:36-да Латакиядағы Хмеймим базасынан шыққан Ресей әскери ұшақтары Идлибтің батысындағы Якубие және Жудейде ауылдарына әуе шабуылын жасады.

Идлиб Азаматтық қорғаныс (Ақ дулығалылар) лауазымдыларынан алынған мәліметке қарағанда Ресей ұшағы Идлибтің Жудейде ауылына жасаған әуе шабуылында 3 адам қаза тауып, 4 адам жараланған.



Ұқсас жаңалықтар