Бельгияда маймыл шешегі асқынды

Маймыл шешегі вирусында жұғымдалудың  20 мен 65 жас аралығындағы ер адамдарда байқалғаны білдірілді.

1857347
Бельгияда маймыл шешегі асқынды

Бельгияда маймыл шешегімен ауырғандар саны 311-ге жетті.

"Sciensano" Қоғамдық Денсаулық сақтау ұлттық институтының деректеріне негізделгенде барлық жұғымдалудың  20 мен 65 жас аралығындағы ер адамдарда байқалғаны білдірілді.

Науқастардың барлығында дерлік тері бөртпесі, қызба, лимфа түйіндерінің ісінуі және шаршау сияқты жалпы белгілер кездескен.

Эндемиялық вирус тудыратын сирек кездесетін аурулардың бірі ретінде белгілі маймыл шешегі Конго және Батыс Африка түрлері болып екіге бөлінеді.

Әдетте жануардан адамға және сирек болса да адамнан адамға жақын байланыс арқылы жұғатын вирус жоғары температура мен денеде қышынатын бөртпеге себеп болады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жылдың басынан бері әлемде дерттен 3 адам қайтыс болып, 3 мыңнан астам жұғымдалу тіркелгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар