Албания мен С.Македония ЕО-мен келіссөзді бастады

Еуропа Одағы комиссияның төрайымы Урсула фон дер Лейен Албания мен Солтүстік Македонияның маңызды қадамдар басқанын айтты.

1856764
Албания мен С.Македония ЕО-мен келіссөзді бастады

Албания мен Солтүстік Македония Еуропалық Одақпен (ЕО) қосылу туралы келіссөздерді бастады.

Еуропа Одағы комиссияның төрайымы Урсула фон дер Лейен мен ЕО кезекті төрағасы Чехияның премьер-министрі Петр Фиала Албания премьер-министрі Эди Рама және Солтүстік Македония премьер-министрі Димитар Ковачевскимен ұйымға қосылу келіссөздерінің басталуы туралы бірлескен баспасөз мәлімдемесін жариялады.

Еуропа Одағы комиссияның төрайымы Урсула фон дер Лейен екі елдің құқықтық үстемдігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, баспасөз бостандығы, азаматтық қоғам және экономикалық реформаларға қатысты маңызды қадамдар басқанын баса айтты.

Урсула фон дер Лейен Албанияның Еуроодақтың Азаматтық қорғаныс механизміне қосылатынын және елді жақында байқалған өрт пен су тасқыны сияқты табиғи апаттардан қорғайтынын мәлімдеді.

Солтүстік Македонияның қысқа мерзімде "Frontex" келісімі жайлы келіссөздер жүргізетінін айтқан фон дер Лейен осылайша бұл ЕО-ның иммиграциялық саясатына көбірек сәйкес келетінін айтты.

Фон дер Лейен Еуроодақтың екі елге инвестициясы артып, сауда байланыстары дамитынына тоқталды.

Албания премьер-министрі Рама да келіссөздердің басталуына қолдау көрсеткені үшін Франция президенті Эммануэль Макронға және Германияның бұрынғы премьер-министрі Ангела Меркельге күш-жігер көрсеткені үшін алғыс айтты.

Солтүстік Македония премьер-министрі Ковачевски де екі елдің ЕО-мен 17 жылдан кейін келіссөздердің басталуы бүкіл аймақ үшін пайдалы болатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар