Сомалиде АҚШ операциясы

Екі террорист залалсыздандырылды.

1856685
Сомалиде АҚШ операциясы

АҚШ Сомалидің Төменгі Джуба аймағында террор ұйымы Әл-Шабабқа қарсы әуе шабуылында ұйымның 2 мүшесін залалсыздандырды.

АҚШ-тың Африка қолбасшылығы (AFRICOM) жасаған жазбаша мәлімдемеде Сомалиде ұйымға тиесілі орындардың нысанаға алынғаны және ұйымның 2 террористінің залалсыздандырылғаны жарияланды.

Операцияда бейбіт тұрғындардың зардап шекпегені де атап көрсетілді. Әл-Шабаб террор ұйымына қарсы операциялардың Сомали үкіметімен бірге жалғасатыны баса айтылды.


Этикеттер: #террорист , #АҚШ , #Сомали

Ұқсас жаңалықтар