Абдуллахиян мен Боррель телефон арқылы сөйлесті

Хусейн Эмир Абдуллахиян өз елінің ядролық келіссөздерде жақсы, күшті және тұрақты келісімге дайын екенін айтты.

1856549
Абдуллахиян мен Боррель телефон арқылы сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян өз елінің ядролық келіссөздерде жақсы, күшті және тұрақты келісімге дайын екенін айтты.

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Абдуллахиян мен Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында ядролық келіссөздерде жақсы келісімге дайын екендіктерін атап көрсеткен Абдуллахиян «Иран үкіметінің жақсы, күшті және тұрақты келісімге қол жеткізу тақырыбында ерік-жігерінде еш күмән жоқ» деді.

Хусейн Эмир Абдуллахиян «Америка Құрама Штаттары әкімшілігі шын мәнінде шешім мен келісімге қарай қадамдар жасауы керек» деп көрсетті.

Жоғары өкіл Боррель Иранның ядролық келісімге жету жолындағы талпыныстарын құптағандарын айтты.

Жозеп Боррель «Менің ойымша, бірнеше айлық күш-жігер нәтиже береді. Мен Иран мен Америка Құрама Штаттарын жақындастыру және келісімге келу үшін жұмысты жалғастырамын» деген сөздер қолданды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар