Ресей кемелері Алжир кемежайына келді

Ресей Қаратеңіз флотына қарасты әскери кемелерінен гидрографиялық кеме және мұнай танкер кемесі Алжир кемежайына келді

1856210
Ресей кемелері Алжир кемежайына келді

Қаратеңіздегі Ресей флотының екі әскери кемесі екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мақсатында Алжир кемежайына келіп тоқтады.

Алжир Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

«Ресей Әскери-теңіз күштерінің Қаратеңіз флотына қарасты әскери кемелері гидрографиялық кеме (КИЛДИН) және мұнай танкер кемесі (вице-адмирал ПАРОМОВ) Алжир кемежайына келді» деп жазылды.

Аталмыш кемелердің Алжир кемежайында екі күн тұратыны білдірілген мәлімдемеде:

«Екі армия арасындағы бірлескен үйлестіруді нығайту, Алжир флоты мен Ресей флоты арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты нығайту және өзара тәжірибе алмасу көзделді» деп көрсетілді.

Ресей мен Алжир әскери кемелері қараша айында Жерорта теңізі суларында әртүрлі тактикалық және тосқауылдық жаттығуларды қамтитын бірлескен теңіз жаттығуларын өткізген болатын.

Алжир - Ресейдің Африка құрлығындағы ең маңызды әскери одақтастарының бірі, сонымен қатар аймақтағы ресейлік қару-жарақтың ең ірі тұтынушылары арасында.



Ұқсас жаңалықтар