Абдуллахиян мен Хусейн телефонда сөйлесті

Министрлер екі жақты қарым-қатынастар, аймақтық оқиғаларды және Тегеран мен Эр-Рияд арасындағы келіссөздерді талқылады.

1856199
Абдуллахиян мен Хусейн телефонда сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Емир Абдуллахиян Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен «Екі жақты қарым-қатынастар мен кейбір аймақтық оқиғаларды, сондай-ақ Тегеран мен Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) арасындағы келіссөздер үдерісін» талқылады.

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Абдуллахиян Хусейнмен телефон арқылы сөйлескені білдірілді.

Кездесуде екі жақты қарым-қатынастар, аймақтық оқиғаларды және Тегеран мен Эр-Рияд арасындағы келіссөздер қолға алынды.

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Емир Абдуллахиян Бағдаттың аймақтық диалогты кеүшейту талпынысына тоқталып, елінің екі жақтылы және аймақтық өреде өзара мүддеге байланысты тақырыптарды талқылауға және көзқарас алмастыруға дайын екенін жеткізді.

Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн 16 шілдеде елінің де қатысуымен Сауд Арабиясында өткен Джидда саммитіне байлансты тұғырын әріптесмен бөлісті.

Бағдат үкіметінің Джидда саммитінде аймақтық ынтымақтастық үшін қажетті кездесулер мен кеңестер өткізгенін білдірген Хусейн Ирактың аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты күшейту талпынысын жалғастыратынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар