Угандада 46 кісі аштықтан қайтыс болды

Караможа депутаты Файт Накут аймақта айлар бойы жалғасқан құрғақшылық салдарынан адамдардың өмір сүру үшін шөп жегенін айтты.

1855025
Угандада 46 кісі аштықтан қайтыс болды

Шығыс Африка елдерінің бірі Угандада бірнеше айға созылған құрғақшылықтан 46 адам аштықтан көз жұмды.

Караможа депутаты Файт Накут баспасөзге жасаған мәлімдемесінде аймақта айлар бойы жалғасқан құрғақшылық салдарынан адамдардың өмір сүру үшін шөп жегенін айтты.

Өңір халқының азық-түлік болмағандықтан аштықтан қырылғанын атап көрсеткен Накут: «Караможа шағын аймағын шарпыған ашаршылық салдарынан 8 шілдеге дейін 46 адам аштықтан  қайтыс болды. 2 мың 181 отбасы ашаршылықтан өлуге таяды» деді.

Файт Накут лауазымдылар үкіметтің бұл жағдайға жауап беруін күтумен бірге, ең көп зардап шеккен отбасыларға азық-түлік сатып алу үшін жалақыларын жұмсағанын білдірді.

Фатих Накут қаза болғандар санының артуын тосу үшін әлемді көмекке шақырды.



Ұқсас жаңалықтар